- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен Швеция зейнетақымен қамсыздандыру мәселесі жөніндегі ынтымақтастық туралы келісім жасады
Қазақстан мен Швеция зейнетақымен қамсыздандыру мәселесі жөніндегі ынтымақтастық туралы келісім жасады
Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі хабарлағандай, Тамара Дүйсенова сондай-ақ Германияның Еңбек және әлеуметтік мәселелер федералдық министрлігінің өкілі Сюзан Гофманмен келіссөздер жүргізді. Оның қорытындысы бойынша кадрларды оқыту, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру мәселелеріндегі екі жақты ынтымақтастықты белсендіру туралы келісімге қол жеткізілді.
Сондай-ақ, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (бұдан әрі - ЭЫДҰ) қатысушы елдердің жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қамсыздандыру министрлерінің Парижде өткен кездесуі шеңберінде өткен екі жақты келісімнің нәтижесінде ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметік даму министрі Тамара Дүйсенова және Түркияның Еңбек және әлеуметтік қауіпсіздік министрі Сулейман Соялу әлеуметтік қауіпсіздік мәселелері бойынша ынтымақтастық жөнінде Меморандумға қол қоюға келісті.
«Тараптар өз бетінше жұмыспен айналысушы азаматтарды нәтижелі жұмыспен қамтылуға тарту және оларды әлеуметтік қамсыздандырумен қамту мәселелері бойынша тәжірибемен алмасу, сондай-ақ Қазақстанның протездік-ортопедиялық саласын дамыту туралы келісімге келді», - делінген хабарламада.
Естеріңізге саламыз, Парижде өтіп жатқан жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қамсыздандыру министрлерінің кездесуінде әлемнің 42 елінің өкілдері қатысуда.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция