• Басты
  • Жаңалықтар
  • ШҚО-да «Бір ел – Бір тағдыр» акциясының басталу салтанатына 3 500-ге жуық адам қатысты (ФОТО)

ШҚО-да «Бір ел – Бір тағдыр» акциясының басталу салтанатына 3 500-ге жуық адам қатысты (ФОТО)

16 Қаңтар, 2016 18:32
ШҚО-да Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Бір ел – Бір тағдыр» акциясы басталды. Аталған акция барысында Өскеменде тәуелсіздік пен бейбітшілікті ұлықтайтын бірнеше шаралар өтеді, деп хабарлады ШҚО ақпараттық орталығы.

Акцияға ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омар, этномәдени бірлестіктер мен қоғамдық ұйым мүшелері, ЖОО студенттері қатысты. Шараға қатысқан жастар тәуелсіздіңктің 25 жылдығын бейнелейтін «25» санының бейнесінде тұрып, шарларды ұшырса, шаңғышылар 25 км қашықтыққа жүгіріп өтті. Сонымен қатар, акция 100-ге жуық бала қатысқан мұз айдынындағы флеш-мобпен жалғасты.

« Бұл жыл Қазақстан халқы үшін атаулы жыл. Себебі Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығын атап өтеміз. Осы жылдар аралығында еліміз көптеген сынақтардан өтіп, бірқатар жетістіктерге жетті. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында Қазақстанды әлем таныды», – деді акцияға қатысушыларды құттықтаған жазғы Олипиада ойындарының чемпионы Ольга Рыпакова.

 

 

Барлық жаңалықтар