- Басты
- Жаңалықтар
- Т.Дүйсенова ЭЫДҰ елдеріндегі әріптестерімен еңбек нарығының тұрақтылығын арттыру мәселелерін талқылады
Т.Дүйсенова ЭЫДҰ елдеріндегі әріптестерімен еңбек нарығының тұрақтылығын арттыру мәселелерін талқылады
Тамара Дүйсенованың Францияға жұмыс сапары ЭЫДҰ-ның Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қатынастар комитетінің ұйымдастыруымен өткен форумға қатысудан басталды. Іс-шара аясында жұмыс берушілердің дағдылары мен рөліне қажетті цифровизациялауға, әлеуметтік қамтамасыз ету жүйелеріне, еңбекті қорғауға, жұмыс тетіктерінің өзгеру жағдайында жұмыс күшінің жұмылдырылуына және жұмыс сапасына арналған 3 панельді сессия өтті. Форумға ЭЫДҰ Бас хатшысы Анхель Гуриа және әлемнің 42 елінің жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қамсыздандыру министрліктерінің бірінші басшылары мен өкілдері қатысуда.
Министрлердің кездесуі барысындағы пікірталаста Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қатынастар директораты талдау және саясат бөлімінің басшысы Марк Киз ЭЫДҰ жұмыспен қамтуды талдау бойынша екі ауқымды жобасын жүзеге асыруға кіріскенін айтты. Бірінші жоба шеңберінде ақпараттандырудың, урбанизацияның және халықтың қартаюы жұмыс күшінің және еңбек нарығының болашағына әсері талданатын болады. Екінші жоба жұмыс күшінің сапасы мен өнімділігінің ара салмағын талдауға бағытталған. Сондай-ақ, ол Тамара Дүйсенованың мемлекеттік саясаттың басымдылығы жұмыс орындарының саны емес, жұмыспен қамтудың сапасы, жұмысшылардың еңбек нарығында жинақы және өнімді болуға мүмкіндік беретін дағдыларының болуы керек деген пікірін қолдады.
Тамара Дүйсенова Литваның әлеуметтік қорғау және еңбек министрі Альгиманта Пабядинскене және Корея Республикасының Еңбек вице-министрі Джахунг Лимен сол елдерде еңбек нарығының тұрақтылығын арттыру мәселелері бойынша қолданылатып жатқан шаралар туралы әңгімелесті.
Ирландияның Премьер-министрі–әлеуметтік қорғау министрі Джоан Бартонмен және Швецияның Мемлекеттік хатшысы, Жұмыспен қамту министрі Ирен Веннемомен кездесу барысында Тамара Дүйсенова еңбек нарығының тұрақтылығын арттыру үшін осы елдерде қабылданып жатқан шаралармен танысты.
Швейцарияның Экономикалық мәселелер жөніндегі мемлекеттік хатшысы Мари-Габриелла Иннейхн-Флейш ҚР ДСӘДМ басшысымен өз елінің техникалық және кәсіби білімнің дамуы бойынша тәжірибесімен бөлісті.
ЭЫДҰ өкілдерімен кездесу барысында Тамара Дүйсенова «Үш топқа: жастарға, қарт қызметкерлерге және халықтың осал топтарын қорғауға бағытталған саясатты шолу», «Қазақстан үшін ЭЫДҰ денсаулық сақтау жүйесін шолу» және «Қазақстан үшін ЭЫДҰ Ұлттық денсаулық сақтау шоттарын шолу» жобаларын әрі қарай іске асыру мәселелерін талқылады.
Сол күні қазақстандық делегация Париж қаласындағы жұмыспен қамту орталығына барып, онда ҚР ДСӘДМ мамандары Францияның осы бағыттағы тәжірибесімен танысты.
Бүгін министрлердің кездесуі шеңберінде «Еңбек нарығының тұрақтылығын және ашықтығын арттыруға ықпал ету» тақырыбындағы сессия және секциялық отырыс өтеді. Оның барысында еңбек өмірі мен жұмыс сапасын арттыру, инклюзивтік еңбек нарығы және еңбек нарығындағы теңсіздік мәселелерін талқылау жоспарлануда.
-
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Азық-түлік бағасының тұрақтылығын сақтау және қаржы нарығын дамыту -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
ХЖҚО жұмысын жаңғырту, Электронды еңбек биржасы мен ҰБЖ-ны дамыту -
15,7 мыңнан астам шетелдік азамат Қазақстанда еңбек етіп жүр -
Еңбек инспекторлары 13,2 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады -
Еңбек қауіпсіздігі: Жұмысшылар құқығы, өндірістік жарақат және әлеуметтік төлемдер -
6 шілде: Назарбаевтың өмірбаяны, еңбек жолы және үздік бастамалары -
2025 жылға дейін еңбек нарығына қосымша 1 млн-ға жуық жалдамалы жұмыскер қажет болмақ -
Жұмыспен қамту шаралары: «Еңбек» және «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы қалай іске асып жатыр -
14 мыңнан астам шетелдік азамат Қазақстанда еңбек етіп жүр