- Басты
- Жаңалықтар
- К.Бұрханов: Мәжіліс пен мәслихатта бірыңғай сайлау өткізу бюджет қаржысын үнемдейді (ВИДЕО)
К.Бұрханов: Мәжіліс пен мәслихатта бірыңғай сайлау өткізу бюджет қаржысын үнемдейді (ВИДЕО)
«Атам қазақ «Заманың түлкі болса, тазы бол» деп бекер айтпаған. Қазіргі әлемдегі геосаяси, геоэкономикалық жағдай күнделікті өзгеріс үстінде. Мұнайдың бағасын айтайық, санкцияларды айтайық. Ұлы державалар бір-біріне санкциялар жариялап жатыр, кейбір елдерде шайқастар да жүріп жатыр. Әлемде тағы да басқа жағдайлар орын алуда, соған байланысты келесі жылды күтпейміз. Біз осы сайлауды күтіп, уақытты өткізіп алмауымыз керек. Экономиканың осындай жағдайы халықтың, әрбір қазақстандықтың тұрмысына әсер етеді. Сондықтан, бүгінгі таңда, мынандай аласапыран жағдайда осы сайлауды созбауымыз керек. Жаңа жылдан бастап біз 80-ге жуық заң қабылдағаннан кейін жаңа форматтағы мемлекет дамиды. Сондықтан, бәрін ескере отырып, қазір тарап, сайлауға барып, жаңа парламент сайлап, одан кейін алдымызда қандай қиыншылықтар болса да жеңуіміз керек. Парламент, үкімет осы белгіленген бағыт бойынша жүруі керек және ең негізгі мақсат халқымыздың тұрмыс деңгейін сақтау, экономиканы сақтау және ілгері қарай даму процесіне кірісу. Сондықтан, осындай шешім қабылдадық. Біз елбасымызға ұсынымызды бердік», - дейді К.Бұрханов.
Академиктің айтуынша, бұның барлығы қаржыға келіп тіреледі.
«Қаншама адам кетеді, келеді. Мәселен, мәслихаттарда мыңдаған депутаттарымыз бар. Олар аудандық, қалалық, облыстық жерлерде еңбек етеді. Олардың барлығын сайлап, елдің бәрін саяси процестерге жетелеп, біріктіріп, сайлау өткізсек дұрыс болады. Алдымыздағы түрлі сынақтарға қоғам ретінде, халық ретінде, мемлекет ретінде біз әзір болуымыз керек. Ауыл әкімінен бастап парламентке, үкіметке дейін бүкіл мемлекеттік жүйе, бүкіл қоғам болып, ел болып, ауызбіршіліктің негізінде Елбасының белгілеген реформаларына, стратегияға сүйене отырып, біз осының барлығына тойтарыс беруге, жауап беруге және халқымызды, экономиканы жақсы халде сақтап қалу мақсатында барлығын істеп жатырмыз. Барлығы халық үшін, әрбір Қазақстан азаматы үшін істеліп жатыр», - дейді профессор.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары -
«Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының тізімі жарияланды -
ДСМ: Коронавируспен сырқаттанушылық деңгейі 1,4 есе төмендеді -
COVID-19: Молдовада карантиндік шектеулер күшейтілуі мүмкін, ал Черногорияда ковидпен ауруханаға түскендердің саны артуда -
Пандемия басталғалы өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамту 37% -ға төмендеді -
Жамбылдағы жарылыс: себеп пен салдар -
Ұлттық қордың қаражаты: Кіріс пен шығын өлшемі -
Жем-шөппен қамту және егін жинау науқанына дайындық мәселелері -
Елордада орта есеппен күн сайын 300 адам ауруханаға түседі