• Басты
  • Жаңалықтар
  • Мәжіліс және барлық деңгейдегі мәслихат сайлауын өткізу орынды және қажетті бастама - Ә.Алмағанбетов (ВИДЕО)

Мәжіліс және барлық деңгейдегі мәслихат сайлауын өткізу орынды және қажетті бастама - Ә.Алмағанбетов (ВИДЕО)

15 Қаңтар, 2016 19:08
Мәжіліс және барлық деңгейдегі мәслихат сайлауын өткізу орынды және қажетті бастама .Бұл туралы Қоғамдық-саяси үдерістердің сараптама-жобалық бюросы директорының орынбасары Әнуар Алмағанбетов мәлімдеді.

«Парламент Мәжілісі депутаттарының мерзімінен бұрын сайлау өткізу туралы бастамасы біздің елдің өміріндегі өте маңызды қоғамдық, саяси жаңалық болып табылады. Әрине, бұл дұрыс шешім, себебі геоэкономикалық жағдай нашарлап келеді. Сайлауды мерзімінен бұрын өткізу әлемдік экономикалық жағдайдың нашарлауы мен әлемдік геосаяси тұрақсыздықтың салдарынан туындап отыр», - дейді Ә.Алмағанбетов.

Оның айтуынша, бүгін парламент депутаттары жаңа, бәсекеге қабілетті әрі кәсіби жағынан мықты парламентті қалыптастыруға мүмкіндік беретін қадам жасап, халыққа үндеу тастап отыр.

 

 

Барлық жаңалықтар