ҚР Президентінің Жарлығымен 1 наурыз Алғыс айту күні болып жарияланды

15 Қаңтар, 2016 18:26
Елбасы «Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк және өзге де мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 20 қаңтардағы № 3827 Жарлығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы жарлығына қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы

13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес  ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. «Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк және өзге де мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 20 қаңтардағы

№ 3827 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 1,
1-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін: жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк және өзге де мерекелердің тізбесінде:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Алғыс айту күні – 1 наурыз»;

мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

«1-1. Геолог күні - сәуірдің бірінші жексенбісі».

2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Барлық жаңалықтар