• Басты
  • Жаңалықтар
  • Н.Назарбаев Балқаш ЖЭС құрылысы бойынша Корей Республикасы келісіміндегі өзгертулерді ратификациялады

Н.Назарбаев Балқаш ЖЭС құрылысы бойынша Корей Республикасы келісіміндегі өзгертулерді ратификациялады

11 Қараша, 2013 14:37
Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасындағы Балқаш жылу электр станциясын дамыту, қаржыландыру, жобалау, салу, пайдалану және оған техникалық қызмет көрсету саласындағы келісімге өзгерістер енгізу туралы заңына қол қойды, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Мемлекет басшысы «2011 жылғы 25 тамыздағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Корея Республикасының Үкіметі арасындағы Балқаш жылу электр станциясын дамыту, қаржыландыру, жобалау, салу, пайдалану және оған техникалық қызмет көрсету саласындағы келісімге өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Корея Республикасының Үкіметі арасындағы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», - деп хабарламада нақтыланған.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

 

Барлық жаңалықтар