• Басты
  • Жаңалықтар
  • Э.Боев: Парламентшілердің бастамасы- өз елінің тағдырына деген жауапкершіліктің жоғарылығы

Э.Боев: Парламентшілердің бастамасы- өз елінің тағдырына деген жауапкершіліктің жоғарылығы

15 Қаңтар, 2016 18:03
Мәжіліс 5 шақыртылуында Ұлт жоспарын іске асыру мақсатында заңнамалық негіздерді жетілдіруге белсене жұмыс атқарды. Ол жерде Қазақстанның барлық өмірлік салаларының ауқымды жаңғыртуын қамтамасыз етеді. Бұл жөнінде «иран тілдес Конгрестің» қоғамдық ұйым төрағасы Э.Боев Strategy2050.kz АА берген сұхбатында мәлімдеді.

«Айта кететін жайт, ҚР Парламент Мәжілісі депутаттарының мерзімнен бұрын сайлау өткізу бастамасы дұрыс, сондай-ақ қазақстандық қоғамның тұтастығы үшін осы маңызды болып келеді. Мәжілістегі 5-ші шақырылым заңнама негіздерін қайта құру мен оны бекітуге үлкен күш салды. Ол жерде Қазақстанның барлық үлкен көлемді модернизациясы қаралатын болады. Қазіргі уақытта аталмыш бағдарламаның жүзеге асуына көшу керек. Алдағы уақытта ҚР Парламент Мәжілісінің үлкен көлемді заңнамаларына Қазақстан тарапынан жаңғыртулық қолдауын сүйемелдеу қажет»,- деді ресейлік қоғам қайраткері.

Оның айтуынша, ең бастысы, Мәжілісте ұсынылған мерзімнен бұрын сайлауды өткізу бастамалары барлық фракциялардан да болды. Ресейлік сарапшылардың ойынша, қазақстандық депуттар парламенттік дамуының басты мәселелері бойынша бірыңғай  көзқараста болғаны.

«Сондай-ақ, депутаттардың бастамаларына деген маңызды фактордың бірі -бюждет қаражатының үнемделуі болып келеді. Мәжіліс пен барлық деңгейлі мәслихаттың біріккен сайлауы мемлекеттік бюджеттің құнын төмендетуге мүмкіндік береді. Жалпы, Қазақстан Республикасының төмеңгі палата депутаттарының бастамасын өз елі мен азаматтарының тағдырына жауапты қадам жасауы деп түсінуге болады»,-деді Э. Боев.

Данияр Қасымов

Барлық жаңалықтар