• Басты
  • Жаңалықтар
  • Энергетика министрлігі: Қашаған алғашында жылына 7 млн тонна көлем өнім шығарады

Энергетика министрлігі: Қашаған алғашында жылына 7 млн тонна көлем өнім шығарады

15 Қаңтар, 2016 16:17
Қашаған алғашында жылына 7 млн тонна көлемде шығады, деді ҚР энергетика министрі Владимир Школьник.

«Біз биыл Қашағанда жобаны бастадық. 2017 жылдан бастап Қашағандық жоба мұнайдың жалпы теңгеріміне ықпал бастайды. Пайымдауымызша, алғашқыда Қашаған 7 млн. тонна көлемінде шығарылады. Бір жылдан кейін- 11млн.тоннаға, ал болашақта -13 млн.тоннаға жетеді»,-деді министр.

Оның айтуынша, 2015 жылы Қазақстанда мұнайдың 79 млн 460 тыс тоннасы табылды. Осы жылы мұнай өндірісі жағынан шағын құлау байқалуда.

Қашағанның геологиялық қоры 4,8 млр. тонна мұнай көлемінде бағалануда. Жалпы мұнай қоры 38 млрд. баррельді құрайды. Олардың ішінде шығарылатындары шамамен 10 млдр баррель, ал 1 трлн кубометрі табиғи газдың қоры.

Индира Қауметова

 

Барлық жаңалықтар