• Басты
  • Жаңалықтар
  • А.Дауылбаев: Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімі – саяси реформалаудың жаңа кезеңі

А.Дауылбаев: Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімі – саяси реформалаудың жаңа кезеңі

15 Қаңтар, 2016 19:24
Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімі - өткен жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосылған жаңа қылмыстық-процестік кодекстің тиімді жаңалықтарының бірі болып табылады.Оның іске қосылуы процестің басталуын айтарлықтай қарапайым етті және статистикамен айла-амалдар жасауды азайтты, деді Бас прокурор А.Дауылбаев алқа отырысында.

«Енді тергеу процесі арыз тіркелген сәттен дереу басталады.Бұл жаңашылдықтың тиімділігі статистикадан жақсы көрінеді.Өткен жылы тіркелген сотқа дейінгі тергеудің саны 2014 жылғы қылмыстық сипаттағы арыздар мен хабарламалардан үштен бірге кем», - деді А.Дауылбаев.

 Сондай-ақ олар бойынша қабылданатын шешімдер саны үштен бірге азайған.

2014 жылы сотқа дейінгі тексеруді аяқтау үшін қылмыстың құрамы болмауына байланысты қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы 721 мың қаулы және қылмыстық істер бойынша 32 мың қаулы шығару қажет болған. 2015 жылы осы көрсетілген негіздер бойынша барлығы 229 мың сотқа дейінгі тергеу қысқартылған.

«Осылайша, жаңа Қылмыстық процестік кодекстің қабылдануына байланысты қылмыстық қудалау органдары жүктемесінің артуы жөніндегі теріс жорамалға қарамастан, жүктеменің азаюы байқалады. Бұл құқық қорғау органдарын қылмыстық істердің сапасына шоғырландыруға мүмкіндік береді», - деді А.Дауылбаев. 

Барлық жаңалықтар