ҚР Үкіметі 6-8% құнсыздануды сақтап қалуға шаралар қабылдайтын болады

15 Қаңтар, 2016 15:43
ҚР Үкіметі мен ҚР Ұлттық экономика министрлігі 6-8% инфляцияны сақтап қалуға барынша шаралар қолданатындығы туралы ақпарат жарияланған болатын.Бұл жөнінде ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев айтып өтті.

«Өткен жылдың қорытындысы бойынша құнсыздану 13,6 құрды, бірақ айтарлықтай өсім соңғы үш ай ішінде орын алған. Желтоқсан айында теңгенің айырбас бағамы тұрақталды, оған себептің бірі құнсызданудың көлемі 1,2%-ға өсуі. Осылардың барлығын ескере отырып, биылғы жылы көптеген шараларды қолданып,  8%-дық жарияланған дәлізді ұстап тұруға тырысамыз. Ол үшін алғышарттар қарастырылған»,-деді Е.Досаев

Барлық жаңалықтар