Парламент саяси батыл әрекет жасады – Н.Ерiмбетов

15 Қаңтар, 2016 15:36
Парламент Мәжiлiс және барлық деңгейдегi мәслихаттардың мерзiмiнен бұрын сайлауын өткiзу туралы бастама көтерiп, саяси батыл әрекет жасады. Бұл жөнiнде ҚР Президентi жанындағы Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен баспасөз мәслихатында «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» ЗТБ директоры Нұрлан Ерiмбетов мәлiмдедi.

«Депутаттардың Мәжiлiс және барлық деңгейдегi мәслихаттардың мерзiмiнен бұрын сайлауын өткiзу туралы бастамасы көтерiлгенiне бiрнеше күн болды. Мен Азаматтық Альянс өкiлi ретiнде, азамат, қоғам мүшесi ретiнде бұл бастаманы қолдаймын. Себебi, бұл депутаттардың уақыты ұйымдастырылған шешiмi. Жалпы, бұл Парламент саяси батыл әрекет жасады. Бұл менi оларға деген құрметiмдi арттырды. Яғни, бүгiнде қоғамға өз таңдауын жасаудың жақсы мүмкiндiгi ұсынылып отыр. Егер, Мемлекет басшысы аталған бастамаға қолдау көрсетiп, сайлау мерзiмiнен бұрын өтсе, онда бұл барлық партиялар үшiн, бiздiң қоғам үшiн жақсы тестiлеу болмақ. Кез-келген сайлау – бұл елдегi жай-күйдi анықтау құралы. Сондықтан, қоғамдағы азаматтардың жай-ахуалын, көңіл-күйiн бiлгiм келедi. Бүгiнде жаңа мемлекетте тұратын, әлемнiң қалай өмiр сүрiп жатқанын бiлетiн жас азаматтар өсiп келедi. Жалпы, мен үшiн кез-келген сайлау қоғамның көңiл-күйi мен елдегi мүмкiндiктердiң термометрi iспеттес», - дейдi Н.Ерiмбетов.

Барлық жаңалықтар