• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР Бас прокуратурасы мемлекетке мыңдаған көлемдегі жер телімдерін қайтаруда

ҚР Бас прокуратурасы мемлекетке мыңдаған көлемдегі жер телімдерін қайтаруда

15 Қаңтар, 2016 17:19
ҚР Бас прокуратурасы мемлекетке мыңдаған көлемдегі жер телімдерін қайтаруда , деп хабарлады ҚР Бас Прокуроры Асхат Дауылбаев алқа отырысында айтты.

«Пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару туралы Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау жөніндегі жұмыстар тұрақты бақылауда тұр», - деді ол.

Қабылданған шаралардың негізінде көлемі 779 мың, кадастрлық құны 27 млрд.-тан астам теңгені құрайтын 1 148 жер телімі қайтарылды. Жалпы көлемі 1 млн. га-дан астам (1,2 млн.) топырағы азып кеткен 470 жер телімі анықталды.

«Осыған орай уәкілетті органдарға топырақтаың құнарлылығын қалпына келтіруді талап ете отырып заңдылықтың бұзылуын жою туралы 100-ден астам ұсыныс енгізілді», - деді А.Дауылбаев.

 

Барлық жаңалықтар