• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ә.Исекешев: Қазақстанда алдағы жылдары отандық инвесторлардың қатысуымен 150 жобаны іске асыру жоспарлануда

Ә.Исекешев: Қазақстанда алдағы жылдары отандық инвесторлардың қатысуымен 150 жобаны іске асыру жоспарлануда

15 Қаңтар, 2016 15:08
Қазақстанда алдағы жылдары отандық инвесторлардың қатысуымен 150 жобаны іске асыру жоспарлануда, деп ОКҚ-да болған брифингте ҚР инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев айтып өтті.

«Соңғы жылдары біз инвесторларды қарату үшін бірталай жұмыстар атқарудамыз, барлық деңгейде жұмыстар атқарылуда, сол жобалардан ұлттық инвесторлардың қатысуымен 150 жобаны іске асыру жұмыстары қарастырылған. Ірі трансұлттық компаниялар болашақта жаңа саланы дамытуға көмек көрсетеді»,-деп хабарлады министр.

Ә.Исекешевтің ойынша әлемдік экономикада болып жатқан жаһандық сындар әлемдегі жалпы тікелей инвестицияларға әсер етеді.

«Көріп отырғандарыңыздай, тікелей инвестициялар дамыған елдің қауіпсіз нарығына кетуде. Сол себепті біз көз алдымызда инвестицияның елеулі төмендеуін көреміз. Бұл жағдай бізді де шеттеп өткен жоқ. Өткен жылдың қорытынды статистикасында болмаса да, инвестицияның 30-40 %-ының төмендеуі күтілуде. Нақты қорытынды бірінші жартыжылдықта болады»,-деді ол.

Сонымен қатар, ҚР ИДМ басшылығының айтуынша, индустриаландыру бағытында жүргізілген жұмыс өзінің оң көрсеткішін берді.

«Бізде инвестицияның төмендеуі мұнай және газ секторында байқалады. Ал тау-кен өнеркәсібінде 70 %-ға дейін, құрылыста-50 %. Өндірістік өнеркәсіпте жартыжылдық қорытынды бойынша 10 %»,- деп қорытындылады министр.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар