• Басты
  • Жаңалықтар
  • М.Құл-Мұхаммед: Кез келген БАҚ-да қазақ тілді контент 50%-дан аз болмауы керек

М.Құл-Мұхаммед: Кез келген БАҚ-да қазақ тілді контент 50%-дан аз болмауы керек

11 Қараша, 2013 14:06
Кез келген бұқаралық ақпарат құралында қазақ тілді контент кемінде 50 пайызды құрауы керек, деп мәлімдеді ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхеммед ОКҚ брифингінде.

«БАҚ туралы заң бар екені белгілі. Ол жерде БАҚ қазақ тілді контент кемінде 50 пайызды құрауы керек деп нақты айтылған. Бұл заңды ешкім жоққа шығарған жоқ. Бұл заң меншік түріне қарамастан барлық БАҚ-на қатысты. Бұл заңды біздің салада жұмыс істейтін және болашақта да жұмыс істегісі келетін барлық БАҚ сақтауы керек», - деді министр.

Министрдің айтуынша, әлдекімді жазалау мақсат емес. Алайда заң бұзушылық орын алып жатқанда не болса ол болсын деп немқұрайлы  қарау да дұрыс емес.

«Қазақ тілді контент 50 пайыздан түспеуі керек. 22 қазанда аталмыш заңды бұзған менің әріптестерім қателікті 1 желтоқсанға дейін түзейміз деп ант-су ішті. Біз оларды бүгінге дейін бірнеше рет осылай ескерттік. Енді тағы аталмыш қателік орын алса, тиісті дәрежеде жаза қолданылып, тіпті лицензиядан да айырылып қалулары мүмкін», - деді Ақпарат министрі.

 

Барлық жаңалықтар