- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанның Әскери-теңіз күштері жауынгерлік корабльдерін теңізге шығаруға дайындауда
Қазақстанның Әскери-теңіз күштері жауынгерлік корабльдерін теңізге шығаруға дайындауда
Жеке құрамның бұл сабақтары өздерінің меңгеруі мен жауынгерлік бекеті аясында экипажға іс жүзінде корабльдің, қару мен техникалық құралдардың құрылысы туралы білімдерін бекітуге мүмкіндік береді. Кеменің теңізге шығуы Әскери-теңіз күштерінің қызметінде маңызды кезең болып табылады.
Себебі, жауынгерлік әскери кеменің экипажына күнделікті пайдалану мен корабльді қызметті шебер ұйымдастыру қажет. ӘТК-нің әскери қызметшілері корабльді баптап ұстау, қару мен техникалық құралдарды пайдалану, сондай-ақ тұрақта қару мен техникалық құралдарды жауынгерлік қолдануды ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды пысықтайды. Әскери теңізшілер корабльді, жауынгерлік бөлімді, бөлімшені жауынгерлік қолдану және басқаруға ұдайы әзірлікте болады. Ал қажет болған жағдайда олар қорғаныстың барлық түрлерін ұйымдастырып, сондай-ақ корабльдің жандылығын қамтамасыз ете алады. Дайындық, теңізге шығу, жорықтар – мұның барлығы ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінің әрбір жауынгерлік кораблінің экипажы ұдайы негізде орындайтын Каспийдің қазақстандық су айдынында қолайлы жедел ахуалды ұстап тұру жөнінде ұдайы жауынгерлік әзірлік пен тапсырмаларды орындау үшін жасалады.
2016 жылы Қазақстанның Әскери-теңіз күштері әскер түрі ретінде өздерінің жауынгерлік қабілеттілігін сапалы түрде арттыруды жоспарлап отырғанын айта кеткен жөн. Бұған су жаңа мина-тартқыш кораблінің арқасында қол жеткізіледі. Ол осы жылы жарақтандырылуға келіп түседі және бүгінде заманауи зымыран-артиллериялық корабльдерге, шағын күзет кемелері және катерлерге ие еліміздің Әскери-теңіз күштерінің арсеналын толықтырады.
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
ҚМ: Әскери ынтымақтастық, жауынгерлік дайындық және әскери білім беру мәселесі -
Қазақстанның сайлау жүйесінің трансформациялануы -
Жаһандық рейтингтегі Қазақстанның аналитикалық орталықтары -
Қазақстанның білім беру нысандары қалай күзетіледі -
Қазақстанның бейбіт бастамалары -
Тоқаев «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарымен кездесуге қатысты -
Түркістан декларациясы – Қазақстанның дипломатиялық жетістігі -
Педагогтерге алғаш рет «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» мемлекеттік наградасы табыс етілді
-
Пандемияға 1 жыл: Қазақстанның денсаулық сақтау саласы өзгерді - дәрігер -
Қазақстанның 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму Жоспары: стратегиялық міндеттер, коронадағдарыс салдарын еңсеру шаралары -
COVID-19 пандемиясы Қазақстанның денсаулық сақтау саласына қандай өзгерістер алып келді -
Қазақстанның 2025 жылға дейінгі дамуының ұлттық жоспары бекітілді