• Басты
  • Жаңалықтар
  • Б.Сағынтаев: 2015 жылы пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы көлемі 18,9 пайызға ұлғайды

Б.Сағынтаев: 2015 жылы пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы көлемі 18,9 пайызға ұлғайды

15 Қаңтар, 2016 12:36
2015 жылы пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы көлемі 18,9 пайызға ұлғайды, деді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бақытжан Сағынтаев ОКҚ-дағы брифингте.

«2015 жылғы құрылыс секторына келсек, біз 4,3 пайызға өсім байқалғанын көрдік. 2015 жылы пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы көлемі 18,9 пайызға  ұлғайды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 9 млн шаршы метрге көп. Көлемнің өсімі елдің барлық өңірінде  байқалып отыр», - деді Б.Сағынтаев.

Айта кетерлігі, Алматы, Қызылорда және Астана қаласында өсім жоғары деңгейге шықты.

Анар Тәңірқұлова

Барлық жаңалықтар