Б.Сұлтанов: 2016 жылы мемлекеттік әлеуметтік шығындар 40 пайызға дейін өсті

15 Қаңтар, 2016 12:17
2016 жылы мемлекет әлеуметтік шығындарды қысқартпайды, керісінше биыл оның үлесі 40 пайызға дейін өсіп отыр. Осыған байланысты Қазақстан үкіметі республикалық бюджет көрсеткіштерін қайта қарастыруы мүмкін. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан баспасөз мәслихатында ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті.

«Бүгінде бюджеттің шығыстарын айтарлықтай оңтайландырдық. Шығыстардың негізгі бөлігі - бұл әлеуметтік шығыстар. 2016 жылы әлеуметтік шығыстардың үлесі 40 пайызға дейін өсіп отыр. Мемлекеттік аппаратты қамту бойынша белгілі бір резерв бар, бірақ ешқандай әлеуметтік міндеттер қысқармайды», - деп министр

Министр атап өткендей, қазіргі уақытта әлемдік үрдістерді жете түсінген маңызды.

«Әлемдік оқиғалардың тенденциясы экономикаға әсерін тигізеді. Қаржылық жағынан бүгінгі күні ешқандай кедергі жоқ. Өздеріңіз білетіндей, өткен жылы бір белгілі бітім жасадық.  Дүниежүзілік даму банкінен қаражат түсті. Бүгінгі күні қаңтар айын 700 млрд теңге жоспар бойынша берілді, сондай-ақ шығындардың жартысын еш қиындықсыз қаржыландырды»,- деп хабарлады Б.Сұлтанов.

Барлық жаңалықтар