- Басты
- Жаңалықтар
- Е.Досаев: Ұлттық экономика министрлігінде Қазақстанның макроэкономикалық дамуы қаралады
Е.Досаев: Ұлттық экономика министрлігінде Қазақстанның макроэкономикалық дамуы қаралады
«Біз Қаржы министрлігімен бірге бұл жұмысты бастадық. Парламентке 2016 жылдың республикалық бюджетінің жобасын ұсынған кезде мұнай баррелінің бағасы 40 доллар шамасында қарастырылды. Бірақ қазір 40 доллар артта қалды, таңертең мұнай бағасы 31 доллар шамасында болды», - деді ол.
Ола атап өткендей, 2014, 2015 жыл көрсетіп отырғандай, мұнай баррелінің бағасы 52 доллар шамасында болып отыр. Бағаның өзгеруі 35 пен 70 доллар аралығында болды. Сондықтан бізге қазір бұл үрдістерді бекітуге белгілі бір уақыт керек.
«Биылғы жылдың алғашқы екі айы мұнай бағасына қатысты жағдай қалай қалыптасатынын көрсетеді. Осыған байланысты біздің еліміздің дамуының макропараметрлерін қайта қарастыруға байланысты шешім қабылдаймыз. Оның ішінде бюджеттік параметрлер де қайта қарастырылады», - деді Е.Досаев.
Министр әлемдік экономикада қалыптасқан жағдайға байланысты Үкіметтің қабылдайтын жоспары жарияланатынын атап өтті.
«Сейсенбі күні өтетін экономикалық саясат кеңесінің отырысында 2016 жылы экономика дамуының сценарийі талқыланып, республикалық бюджетті нақтылауға қатысты қабылданауы мүмкін іс-шаралар қарастырылады. Инвестициялық банктер мен сарапшылардың болжамы бойынша, жылдың соңында мұнай бағасы көтерілуі мүмкін, мұнымен қатар оның бағасы 20 долларға дейін төмендеуі де ықтимал. Сондықтан біз әлемдік нарықтағы фактіге байланысты әрекет еткіміз келеді. Бұл ретте тиісті жұмыс аяқталғаннан кейін үкімет алдағы уақыттың жоспарын хабарлайтын болады», - деді ол.
-
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі