- Басты
- Жаңалықтар
- Елдің инфрақұрылымдық саласын жақсарту мақсатында 80-нен астам заңнамаға өзгерістер енгізілді
Елдің инфрақұрылымдық саласын жақсарту мақсатында 80-нен астам заңнамаға өзгерістер енгізілді

Өзгерістер мультимодальды дәліздің тиімді жұмыс істеуіне, «Әуе жібек жолын» дамытуға және автокөлік жолдары құрылысына инвестиция тартуға, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік қағидасы негізінде жол-көліктік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев бүгін алқа мәжілісінде айтты.
«2015 жылы Астанадан барлық бағыттар бойынша тарайтын «Нұрлы жол» бағдарламасының инфрақұрылымдық жобаларын жан-жақты жүзеге асыру басталды. Дағдарысқа қарсы сипаттағы аталған жобалар аясында қосымша жұмыс орындары ашылады» - деді Ә.Исекешев. Министрдің айтуынша 2015 жылы жалпы қолданыстағы 3,3 мың км автожол жол-құрылыс жұмыстарының барлық түрімен қамтылды. Барлық нысандарға 100 мыңнан астам адам жұмылдырылды. Жыл қорытындысы бойынша жалпы қолданыстағы 3,5 км автожол жөнделді, оның ішінде 1,7 км республикалық маңыздағы жол.
Сонымен бірге сапалы жолаушылар тасымалын қамтамасыз ету мен инфрақұрылымды дамытуды ескере отырып, оның көлемін арттыру үшін биыл теміржол саласына жеке инвестиция тартуға жағдай жасайтын ережелер заңнама арқылы бектіледі. Бұл жыл сайын 25 млрд. теңгеден астам қаржы тартуға мүмкіндік береді.
Министр еліміздің аймақтық көліктік-логистикалық хабқа айналуы үшін Қазақстанның батысы мен шығысында инфрақұрылымдық жобалардың құрылысы бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты. Атап айтқанда Ақтау портын кеңейту аяқталады, «Қорғас-Шығыс қақпа» АЭА аумағында «Құрғақ порт» іске қосылды. Құрық портында паромдық кешен құрылысы жалғасуда. Келешекте Құрық паромдық кешенін теміржол магистралімен жалғайтын жаңа Боржақты-Ерсай желісі бойынша негізгі жұмыстар аяқталды.
-
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі
-
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды
-
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер
-
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды
-
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі
-
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі
-
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді
-
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру
-
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады
-
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді
-
Білім беру саласын цифрландырудың маңызы
-
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар
-
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды
-
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы
-
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек

