Қазақстанда ауыл шаруашылығы өнімі өндірісінің көлемі 4,4 пайызды құрады

15 Қаңтар, 2016 11:41
Қазақстанда ауыл шаруашылығы өнімі өндірісінің көлемі 4,4 пайызды құрады, деді ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев ОКҚ-да өткен брифингте.

«Қазақстанда ауыл шаруашылығы өнімі өндірісінің көлемі 4,4 пайызды құрады. Өндіріс көлемінің артуына орай, өсімдік шаруашылығы 5,6 пайызға, мал шаруашылығы 3,2 пайызға көтерілді. 27 млн тонна астық алынды, бұл 2014 жылмен салыстырғанда 3,4 млн тоннаға көп», - деді Б.Сағынтаев.

Бірінші вице-министр атап өткендей, сарапшылық әлеует 7,5 млн тоннаны құрады.

Анар Тәңірқұлова

 

Барлық жаңалықтар