• Басты
  • Жаңалықтар
  • Д.Верхотуров: Мезгілден бұрын болатын сайлау партия жүйесінің дамуы ушін маңызды

Д.Верхотуров: Мезгілден бұрын болатын сайлау партия жүйесінің дамуы ушін маңызды

15 Қаңтар, 2016 11:58
Қиын сыртқы саяси жағдайда жаңа Мәжілістің құрамы жағдайлардың өзгерістеріне тез және оңтайлы әрекет етеді. Бұл жөнінде саясаттанушы, Орталық Азия елдері бойынша сарапшы Дмитрий Верхотуров (РФ) Strategy2050.kz АА берген сұхбатында айтты.

«Парламент Мәжіліс депутаттарының жалпы мемлекеттік саясатпен байланыстарын сезіне білуі өте қолайлы сәт. Мезгілінен бұрын болатын сайлау депутаттардың факторларында айтылғаннан бөлек, Қазақстандағы партиялық жүйенің дамуына да үлкен септігін тигізеді.  Партияларға сайлау науқанында олардың біліктілігін арттыру мүмкіндігі беріліп, ұйымдарын нығайтып, бағдарламаларын тәжірибе барысында тексеруге мүмкіндік береді. Қиын сыртқы саяси жағдайда Мәжілістің жаңа құрамы жағдайлардың өзгерістеріне тез арада жауап беретін болады»,-деді ресейлік сарапшы.

Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылдың 13 қаңтарында фракциялық саяси партия «Нұр Отан», ҚКХП және «Ақ жол» 5-ші шақырылымдағы төменгі палата, сондай-ақ барлық деңгейлі мәслихаттар мен Парламент Мәжілісінің мезгілден бұрын болатын сайлауына бастамашылдық білдірді.

Данияр Қасымов

Сурет Д.Верхотуровтың жеке мұрағатынан алынды

Барлық жаңалықтар