- Басты
- Жаңалықтар
- Біз ешбір БАҚ-ты мәжбүрлемейміз – М.Құл-Мұхаммед
Біз ешбір БАҚ-ты мәжбүрлемейміз – М.Құл-Мұхаммед
«Мемлекеттік тапсырыс туралы айтар болсақ, ештеңе айтпаймыз немесе тек жаман жағын ғана қөреміз. Министрлік БАҚ-н ешқашан да мемлекеттік тапсырмамен тығындап тастамайды. Сіздердің барлықтарыңыз, әсіресе кейінгі толқын жастар еліміздің нақ патриоттары», - деді министр.
«Егер сіздер өздеріңіздің ақпарат көздеріңізде еліміздің саяси, экономикалық, әлеуметтік жаңғыруын белсенді насихаттасаңыздар, ондай кездері біздің ойымыз сіздердің оймен толықтай түйісіп жатқанда мемлекет не себепті оған қолдау көрсетпеске? Сол себепті мемлекеттік емес көптеген бұқаралық ақпарат құралдары бүгінде мемлекеттік БАҚ қызметін атқарып жатыр. Ал кей кездері тіпті мемлекеттік БАҚ-нан артық орындайды. Міне, осындай кездері біз мемлекеттік қолдау танытамыз», - деді ведомство басшысы.
«Біз ешбір бұқаралық ақпарат құралдарына өзіміздің тақырыбымызды телімейміз. Біз олардың редакциялық саясатына араласпаймыз. Бар болғаны олардан дайын өнімді сатып аламыз. Қазіргі таңда мемлекеттік бағдарламаларға, соның ішінде мемлкеттік қолдауға мұқтаж ағарту, әлеуметтік, көркемөнер, ғылыми бағдарламаларына аса басымдылық берілуде. Бұл үрдіс барша әлемде кеңінен тараған», - деді Мұхтар Абрарұлы.
«Сол себепті осындай БАҚ тендер жарияланған кезде өздерінің ұсыныстарын айтады. Біз оларды қолдауға қашан да дайынбыз. Оның үстіне берілетін қаражат та орасан көп емес. Қазақстанда шамамен 70 шақты баспасөз мемлекеттен 700 млн теңгелік тапсырыс алады. Ал олардың ойы мен біздің ойымыз түйіскенде екі ортада әріптестік туады», - деді министр.
-
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз -
Кәсіпкер: COVID-19-дан қорғанудың ең тиімді әдісі – вакцина алу -
Тоқаев пpезиденттiгiне – 2 жыл: Қандай маңызды шешiмдеp қабылданды -
Сарапшылар пікірі: «Президент тапсырмасы – адам құқығын қорғау тетіктерін күшейтуге бағытталған» -
«Ауыл – ел бесігі»: Жол, тұрғын үй мәселелері мен білім, денсаулық саласындағы өзгерістер -
Мектеп қауіпсіздігі – маңызды міндет -
Ана мен баланы қорғау – мемлекет дамуының кепілі -
Отан қорғаушылар күні: Егемендіктің қадір-қасиеті – ел тыныштығында -
Бірлік пен татулық – даму кепілі -
«Бизнестің жол картасы – 2025»: бизнес өкілдеріне қандай қолдау көрсетіліп жатыр -
Олжас Байділдинов: Бензин бағасының өсуі – әлемдік тенденция -
Қ.Тоқаев: Локдауннан ертерек шығудың бірден-бір жолы – вакцина