• Басты
  • Жаңалықтар
  • Астанада спутниктік навигациялық аппаратураның тәжірибелік өндірісін пайдалануға қабылдады

Астанада спутниктік навигациялық аппаратураның тәжірибелік өндірісін пайдалануға қабылдады

16 Қаңтар, 2016 11:06
Қазғарыштың «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ «Қазақстан Республикасының дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру (ДЖСНЖ)» жобасы шеңберінде Спутниктік навигациялық аппаратураның тәжірибелік өндірісін құру бойынша жұмыстарды аяқтады, деп хабарлады Қазғарыш.

Ғылымды қажет ететін өнімді жасау кезінде қазақстандық қамтуды арттыру мақсатында тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар атқарылғанын, сондай-ақ отандық өнімнің үш түрі әзірленгенін атап өткен жөн: дифференциалдық станция мен мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз ету, геодезиялық класты дәлдігі жоғары тұтынушылардың навигациялық аппаратурасы, көлік құралдарының апаттары мен авариялары кезінде шұғыл оперативтік қызметтерді шақыру функциясымен дәлдігі стандартты тұтынушылардың навигациялық аппаратурасы.

Спутниктік навигациялық аппаратураның тәжірибелік өндірісі Астана қаласында Ұлттық ғарыш орталығының базасында ДЖСНЖ орталығының ғимаратында орналасқан және технологиялық жабдықпен қамтылған, сондай-ақ өнімді тораптық жинау әдісімен шығаруға дайын.

Барлық жаңалықтар