- Басты
- Жаңалықтар
- 2015 жылы геологиялық зерттеу аясындағы инвестициялар шамамен 7 млрд теңгені құрады
2015 жылы геологиялық зерттеу аясындағы инвестициялар шамамен 7 млрд теңгені құрады
Жалпы бастапқы құны 190 млн. теңгені құрайтын 49 объектінің 38 кен орны бойынша сауда жүргізілгенін ескертеміз.
Солардың қатарында алтынды, өзге түсті және сирек металдарды, сондай-ақ құлпырма тастарды өндіру жөніндегі объектілер бар. Аукционға қатысуға барлығы 92 компаниядан 106 өтінім келіп түсті. Сауда максималды ұсынылған бағаға дейін жүргізілді. Шығарылған лоттардың 18-і – пайдалы қазбаларды өндіруге, 31-і – барлауға арналған. Жалпы түскен қаражат сомасы 1 млрд. 415 млн. теңгені құрады.
Бұдан басқа, өткен жылдың қараша айында «бірінші болып келдің - бірінші болып алдың» принципі бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беру басталды. Тиісті рәсімді жүргізу үшін бастапқы жоба ретінде Степногор қаласының аймағы белгіленді.
«Министрлік «Зерде» ҰИХ» АҚ-мен бірлесіп «Австралия әдісі бойынша құқық беру үшін интерактивті картаны әзірлеу және енгізу» жобасы бойынша жұмысты бастады. Алайда белгіленген мақсаттарға қол жеткізу және жаңа практиканы нығайту үшін әлі де айтарлықтай жұмыс көлемін орындау қажет. Жер қойнауын пайдалану геологиясы бағыты бойынша нақты көрсеткіштерге қатысты Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар арқылы тартылған инвестициялар көлемін атап өту керек. 2015жылы тартылған инвестициялар ҚПҚ бойынша – 1 трлн.теңгені, жерасты сулары бойынша – 27 млрд.теңгені, КПҚ бойынша 46 млрд.теңгені құрады», - деп атап өтті Ә. Исекешев.
Министр сонымен қатар ағымдағы жылы Қазақстан Өндіруші салалардың ашықтығы бастамасының стандарттарына сәйкестігін растайтынын атап өтті. Оның айтуы бойынша, Өндіруші салалар қызметінің ашықтығы бастамасын (ӨСАБ) іске асыру өндіруші сектордағы компаниялар мен үкімет табыстарының ашықтығына бағытталған.
Біздің ел үшін жобаның халықаралық, саяси және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәртебесі бар. Екі жыл болды есептер үшін деректер «Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалануды басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі» интеграцияланған ақпараттық жүйесі арқылы электрондық форматта беріледі.
-
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметі мен Жас мамандар пулы жобасы -
2 млрд ағаш отырғызу: Егілетін ағаш түрлері, іске асыратын ұйымдар және қаржыландыру мәселесі -
Абай жылының айшықты тұстары -
Экономикалық зерттеулер институтына - 60 жыл -
2021 жылы жол-көлік оқиғаларының көбеюіне не себеп болды -
Ғылыми-зерттеудің әлемдегі және Қазақстандағы тенденциясы -
ҚР экономикасы: Инфляция, теңгенің құнсыздануы және дағдарысқа қарсы іс-шаралар -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға жәрдемақы түрінде 97 млрд теңге төленді