• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ақкөл қаласында майлы және дәндi дақылдарды өңдейтiн жаңа заманауи кешен ашылды

Ақкөл қаласында майлы және дәндi дақылдарды өңдейтiн жаңа заманауи кешен ашылды

15 Қаңтар, 2016 19:41
Өзiнiң Ақкөл ауданына барған жұмыс сапары барысында облыс әкiмi майлы және дәндi дақылдарды кептiрiп, тазартатын және сақтайтын жаңа заманауи кешеннiң салтанатты ашылуына қатысты, деп хабарлады облыс әкімдігі.

 «Пегас» ЖШС кешенiнiң құрылысы екi кезең бойынша жүзеге асырылуда. Жаңа кәсiпорынның қуаты — 30 мың тонна. Жалпы нысан әрқайсысы 3000 тоннаны құрайтын 10 шұңқыр құтыдан тұратын болады. 2015 жылдың қазан айында жобаның бiрiншi кезеңi жүзеге асырылып, 5 шұңқыр құты орнатылған, бүгiнде олар пайдалануға берiлген. Ал жобаның екiншi кезеңi 2016 жылдың қазан айына жоспарланған. Автоматтандырылған жаңа кешен желiлерi Ресей және Түрiк елдерiнде өндiрiлген екен. Кәсiпорында 12 адам жұмыс iстейдi, олардың орташа айлық жалақылары 100 мың теңгенi құрайды. Құны 500 млн теңгенi құрайтын бұл заманауи нысан компанияның жеке қаражатына салынған.

Мемлекет басшысының аймақтардың ауыл-шаруашылығы кешендерiн амыту үшiн қойып отырған маңызды тапсырмаларының бiрi — ауыл шаруашылығы жерлерiн диверсификациялау болып табылады. 2015 жылы осы тапырманы орындау аясында Ақмола облысында 245,2 мың га. тонна майлы және 193,9 мың га. тонна жем-шөптiк, 18,37 мың га. картоп және 4,4 мың га. көкөнiс дақылдары егiлген.

Кәсiпорын ұжымымен кездескен өңiр басшысы жиналғандарды жаңа жылмен құттықтап, олардың жағдайымен танысты, мәселелерiн тыңдады, қиындықтарды бiрлесiп жеңуге шақырды және жаңа кешенге оң бағасын бердi.

Еске сала кетейiк, ауыл-шаруашылығы дақылдарын сақтау және кептiрудi қамтамасыз ету үшiн 2015 жылы өңiрде 14 жаңа кешен енгiзiлген, ал 2016 жылы тағы осындай 8 жаңа нысан пайдалануға берiлетiн болады деп күтiлуде.

 

Барлық жаңалықтар