• Басты
  • Жаңалықтар
  • Парламент Мәжілісінің сайлауын мәслихат сайлауымен біріктіру бюджет қаржысын үнемдейді –ҚӨКО

Парламент Мәжілісінің сайлауын мәслихат сайлауымен біріктіру бюджет қаржысын үнемдейді –ҚӨКО

15 Қаңтар, 2016 10:47
Парламент Мәжілісінің сайлауын мәслихат сайлауымен біріктіру реформаларды жүзеге асыру бойынша мемлекеттік биліктің барлық деңгейінде қызметті үйлестіріп, бюджет қаржысын үнемдеуге мүмкіндік береді. Бұл туралы «Қазақстандық өндірісшілер мен кәсіпкерлер одағы «ЗТБ мәлімдемесінде айтылған.

«Біз Қазақстан халқын депутаттардың Парламент Мәжілісінің сайлауын мерзімінен бұрын өткізу бастамасын қолдауға шақырамыз.

Сайлау елдің жаңа даму сатысында маңызға ие, ол сайлаушылардың сенімділігіне қайта ие болуды білдіреді.

Жаһандық экономикалық дағдарыс кезінде халық бірлігі мен ҰЛт жоспары – 100 нақты қадам, дағдарысқа қарсы жалпыхалықтық қолдау өте маңызды.

Парламент Мәжілісі сайлауын мәслихат сайлауымен біріктіру реформаларды жүзеге асыру бойынша мемлекеттік биліктің барлық деңгейінде қызметті үйлестіріп, бюджет қаржысын үнемдеуге мүмкіндік береді.

Барлық қазақстандықтарды аталмыш бастаманы қолдауға шақырамыз», - делінген мәлімдемеде.

 

Барлық жаңалықтар