• Басты
  • Жаңалықтар
  • МАМ отандық телеарналардың туындыларын ғана инвестициялайды – М. Құл-Мұхаммед

МАМ отандық телеарналардың туындыларын ғана инвестициялайды – М. Құл-Мұхаммед

11 Қараша, 2013 13:19
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі енді тек қана отандық телеарналардың өнімдерін ғана инвестициялайды. Бұл туралы ОКҚ-нің баспасөз отырысында Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед мәлімдеді.

«Сериалдардың барлығы өте үлкен сұранысқа ие екені рас. Ол арқылы телеарналардың рейтингі де көтеріледі. Алайда, біздің телеарналар түрік және корей телехикаяларына әуестеніп алған көрінеді. Бұл сериалдарды сатып алуға да қыруар қаржы жұмсалады», - деді министр.

МАМ басшысы, атап өткендей, аталмыш сериалдарды көрсету үшін де қыруар қаржы жұмсалады, сонда мемлекеттік ақша түрік және корей сериалдарына жұмсалып отыр. 

«Ағымдағы жылы түрік және корей сериалдарын сатып алмау шешілді. Енді біз қаражатты отандық өнімдерді дамытуға бағыттаймыз. « Хабар» және «Қазақстан» арналарында отандық сериалдар басталды», - деді М. Құл-Мұхаммед.

Оның айтуынша, «Хабар» және «Қазақстан» арналарында 20 сериал жіберілген.

« «Қазақстан», «Еуразия бірінші арнасы», «КТК» арналардың бірігуімен біз «Қасым» атты сериалды түсірдік. Аталмыш туынды тек қазақстандықтардың ғана емес, ресей мен еуропа көрермендерінің көңілінен шықты. Бүгінде «Қасым» сериалын Бельгия, Франция, Люксембург, Швейцария мен Австралия елдері сатып алуда», - деді министр.

Құл-Мұхаммедтің айтуы бойынша, Ақан Сатаев Бауыржан Момышұлына арналған сериалды аяқтауға жақын. Ал, Баян Есентаева жыл соңына дейін экранға жол тартатын Күләш Байсейітова фильмін түсіруде.

Барлық жаңалықтар