• Басты
  • Жаңалықтар
  • М.Шибұтов: Жаңа экономикалық саясат саяси өкілдіктен өзге тәжірибені талап етеді

М.Шибұтов: Жаңа экономикалық саясат саяси өкілдіктен өзге тәжірибені талап етеді

15 Қаңтар, 2016 09:52
Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихат сайлауын бір уақытта өткізу – маңызды қадам. Бұл туралы Шекара маңы ынтымақтастығы қауымдастығы өкілі Марат Шибұтов айтты.

«Жаңа экономикалық саясат, жаңа экономикалық жағдай саяси өкілдіктен өзге тәжірибені талап етеді. Келесі шақырылымда қандай депуттар болатыны сайлаушылардың еркіне байланысты болмақ. Өз басым парламентке жаңа ой айтатын тұлғалардың келгенін қалаймын», - деп атап өтті Марат Шибұтов.

«Үндеуде мәслихат сайлауын өткізу мәселесі де сөз болғанын ерекше атап өту керек. Ол да маңызды шаруа», - деп толықтырды сарапшы.

Сурет 365info.kz сайтынан алынды

Барлық жаңалықтар