• Басты
  • Жаңалықтар
  • Х.Балтаева: Мәжілісте мерзімінен бұрын сайлау өткізу дұрыс әрі орынды шешім (ВИДЕО)

Х.Балтаева: Мәжілісте мерзімінен бұрын сайлау өткізу дұрыс әрі орынды шешім (ВИДЕО)

15 Қаңтар, 2016 13:54
"Республикалық әйелдер кеңесі" ҚБ Астана қалалық филиалының Басқарма төрайымы Ханзада Балтаева егер алдағы уақытта сайлау өтетін болса,Мәжілісте кәсіпкерлердің саны көбейтініне үміттенеді.

«Мәжіліс депутаттарының мерзімнен тыс сайлау өткізу туралы бастамасы кеше қоғамда үлкен қызығушылық тудырды. Бұл дұрыс шешім болады деп ойлаймын.Өздеріңіз әлемде қандай жағдай болып жатқанын жақсы білесіздер. Геосаяси және экономикалық дағдарыстың ушығып жатқанын көріп отырсыздар. Сондықтан Мәжіліс сайлауы мен барлық деңгейдегі мәслихат сайлауын ертерек өткізіп алғанымыз елімізге пайдалы болмақ. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев депутаттардың бұл бастамасын қолдайды деп үміттенемін», – деді Х. Балтаева. 

Қоғамдық бірлестіктің төрайымы бесінші шақырылымдағы депутаттар жақсы жұмыс істегенін егер алдағы уақытта сайлау өтетін болса, Парламентте бизнесмендердің қатары көбейгенін қалайтынын айтты. 

«Бесінші шақырылымның депуттары өте жақсы жұмыс атқарды. 80-ге жуық заң жобасын қабылдады. Егер сайлау өтіп, Мәжіліс қайтадан жасақталатын болса, кәсіпкерлердің саны көбейеді деп үміттенемін. Жаңа құрам мобильді түрде жұмыс атқарып, барлық стратегиялық жоспарларды сәтті жүзеге асыратына сенім білдіремін. Сонымен қатар Парламент партиялардың фракциялардың саны артуы қажет деп ойлаймын, – деді Х. Балтаева. 

 

Барлық жаңалықтар