А.Башмаков: Мәжілістің жаңаруы заңнамалық базаға жаңашылдық әкеледі

14 Қаңтар, 2016 17:08
Мәжілістің жаңаруы заңнамалық базаға жаңашылдық әкеледі, деді Л.Гумилев атындағы ЕҰУ ҚХА кафедрасының меңгерушісі Анатолий Башмаков Strategy2050.kz. АА берген сұхбатында.

«Президент депутаттардың бұл бастамасын қолдайды деген ойдамын. 2015 жыл ҚХА жылы болды. Келген жыл ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына сәйкес болып отыр. Осы жыл қазақстандықтардың бірігуін, нығайтуын жетілдіру жолында көптеген міндет жүктейді», - деді А.Башмаков.

Сарапшы айтып өткендей, Мәжілістің жаңғыруы заңнамалық базаға жаңашылдық әкеледі.

«Мәжілістегі өзгерістер ҚР Үкіметіне де әсер етуі мүмкін. Бұл Елбасының Ұлт жоспарын тиімді жүзеге асыруының құралы. Мен бұрыңғы Сенат депутаты ретінде  бұл тиімді тарату үрдісі деп санаймын», - деді ол.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар