ҚСЗИ:2016 жыл ЕАЭО қызметі үшін маңызды кезең болып саналады

14 Қаңтар, 2016 16:07
2016 жыл Еуразиялық экономикалық одақ қызметі үшін маңызды кезең болып табылады, деді ҚР Президенті жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеу институтының директоры Ерлан Қарин «Орталық Азия-2016: ьрендтер мен сынақтар» дөңгелек үстелі барысында.

«Еуразиялық кеңістікте экономикалық өзара қарым-қатынастың жаңа жолын жалғастыру – бұл ЕАЭО-ның қызметі ғана емес. 2016 жыл бұл ұйымның қызметі үшін өте маңызды жыл болып есептеледі. 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс  істесек те, алғашқы қорытынды жыл 2016 жыл болып отыр. Көктемге қарай, қатысушы елдер бойынша статистикалық мәліметтерге ие боламыз. Осы жылы аталмыш ұйым қызметінің қорытындысын жасайтын негіз аламыз», - деді Е.Қарин.

ҚСЗИ директоры айтқандай, ЕАЭО қызметі экономикалық өзара қызметпен шектелмейді.

«2016 жылы Қытайдың Орталық Азияда инвестициялық қатысуы білінуде. Қытай Орталық Азия елдері үшін басты сауда серіктесі болып келеді. Осы жылы сауда серіктестігінен бұрын, бас инвестициялық серіктесі болып табылады», - деді ол.

Индира Кауметова

 

Барлық жаңалықтар