• Басты
  • Жаңалықтар
  • Е.Карин: Мерзімінен бұрын болатын сайлау елдегі жаңғырту үдерісіне жаңа серпін береді

Е.Карин: Мерзімінен бұрын болатын сайлау елдегі жаңғырту үдерісіне жаңа серпін береді

14 Қаңтар, 2016 15:51
Мерзімнен бұрын болатын сайлау еліміздің қоғамдық-саяси өміріне белгілі бір қарқын беріп, дағдарысқа қарсы саясатты іске асыру бойынша нәтижелі тәсіл болып келеді, деп «Орталық Азия 2016: үрдістер мен сынақтар» атты дөңгелек үстелде ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеу институтының директоры Ерлан Карин айтты.

«Кешегі депутаттардың бастаулары мен мәлімдемелері  маңызды саяси іс-шара болып табылады. Депутаттардың Елбасыға айтқан үндеулерінде, біздің ойымызша, ең маңызды дәлелдер нақты дәйектендірілді, және депутаттардың позияциялары баяндалып, көптеген сарапшылардың ойынша, бұл бастама өте қисынды және ішкі жағдай мен сыртқы жағдай  аясында бұндай процестер мен оқиғалар объективті. Сол себепті, жаңадан сайлау өткізу елдің қоғамдық-саяси өмірінің белгілі бір динамикасын береді, және әлеуметтік-саяси дебаттардың жаңа күн тәртібін әкеледі, жаңа тың идеялар, мемлекет пен азаматтар арасындағы диалогты дамытуға мүмкіндік береді. Қорытындысында мемлекетке, қоғамға дағдарысқа қарсы саясатты тиімді іске асыру үшін оңтайлы тәсілдерді әзірлейді»,-деп хабарлады Е.Карин.

Сондай-ақ, ҚСЗИ директорының айтуынша, мерзімнен бұрын болатын сайлау жаңартылған Праламент  реформаның институциоаналды негізі болуына жағдай жасайды. Ұлт жоспарында  айтылғандай, ол жаңа серпін, жаңа қарқын береді.

Барлық жаңалықтар