- Басты
- Жаңалықтар
- ИИДМБ: ОҚО-да дубайлық инвесторлар өңдеу зауытын салмақ
ИИДМБ: ОҚО-да дубайлық инвесторлар өңдеу зауытын салмақ
Жалпы құны 30 млн. АҚШ долларын құрайтын жоба аясында дубайлық инвесторлар 20 мың бас мүйізді ірі қараға арналған бордақылау алаңы мен жылдық қуаттылығы 5 мың тонна болатын ет өңдеу зауытын салмақшы.
«Бүгінде жобаны жүзеге асырудың шарттары мен егжей-тегжейлі тетіктері Оңтүстік Қазақстан облысының жетекшілігі деңгейінде талқыланып, Бәйдібек ауданынан 17 мың мал жайылымдық жер мен 2 мың гектар суармалы жер, сондай-ақ, зауыт салу үшін аудандағы индустриалды аймақтан 5 гектар жер телімі бөлінуде», - делінген хабарламада.
Жобаның ерекшелігі сол, мұнда өндірілген ет «халал» стандартына сәйкестендіріліп, оның басым бөлігі мұсылман елдеріне экспортталмақ. Бұл ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына, оның ішінде қарапайым шаруаларға өз өнімін тұрақты түрде қымбат бағада экспорттауға мүмкіндік береді.
Айта өтейік, Біріккен Араб Әмірлігінде тіркелген «AMK METAL FZCO» компаниясы 20 жылдан бері «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-мен тығыз байланыста жұмыс істеп келе жатқан кәсіпорын. Аталмыш компания Теміртау металлургия компаниясынан жыл сайын жалпы сомасы 400 млн. АҚШ долларын құрайтын өнім сатып алады.
-
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
ИИДМ: Өңдеу өнеркәсібі, машина жасау, теміржол көлігінің дамуы және тұрғын үй саласы -
Бюджетке енгізілген өзгерістер: Қаражат қандай бағыттарға жұмсалмақ -
Жол жөндеу кезінде техникалық қадағалау рейтингі жасалмақ -
Astana Hub: Инвесторлар мектебі мен Invest Day жұмысы қорытындыланды -
Алматы облысы қайта өңдеу өнеркәсіптерін шикізатпен қамтуда көш бастап тұр -
Қаржы саласындағы заңдарға енгізілген өзгерістер: Бюджеттің қосымша шығындары қайда жұмсалмақ -
Astana Hub: Инвесторларға арналған курсқа қалай қатысуға болады -
Экономиканы дамыту: Ұлттық қордан бөлінетін қаржы қайда жұмсалмақ/Экспорт пен импорт болжамы -
Тоқаев министрлерді қабылдады: сауда саласы, «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламалары туралы есеп берілді -
"Инвесторлар мектебі" мен Invest day 2020 іс-шарасының қорытындысы шықты -
Қазақстан қайта өңдеуге жатпайтын қоқыстан энергия өндіретін болды -
Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысы өтті -
Ақсу қант зауытында жаңа маусымға дайындық жүріп жатыр -
Түркістан облысында мұнай мен көмірді терең өңдеу өндірісі іске қосылады