Қызылордада 2015 жылы 3 млрд теңгеге 4 мың ШОБ жобасы қаржыландырылды

14 Қаңтар, 2016 19:07
Қызылорда қаласы бойынша 2016 жылдың бірінші қаңтарына қала бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны – 26088 бірдік болып, өткен жылмен салыстырғанда 101,2 пайызды құрады, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Оның ішінде жұмыс істейтіндер саны – 21546 бірлік. Қазіргі таңда Қызылорда қаласы бойынша 15 шағын несие ұйымдары жұмыс жасауда.

Бұл ШНҰ арқылы 4173 жобаға 3 млрд 142 млн теңгенің шағын несиесі беріліп нәтижесінде 1017 жаңа жұмыс орны құрылды.

Айта кету керек, облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы тарапынан ауылдық елді мекендегі кәсіпкерлерге берілетін шағын несиелендір бағдарламасына 33 жоба ұсынылып, Қызылорда қаласынан жобалық құны 45,4 млн теңгені құрайтын 6 жоба қаржыландырып, нәтижесінде 31 жұмыс орны ашылды.

 

 

 

Барлық жаңалықтар