- Басты
- Жаңалықтар
- «Даму» қорының мобильді орталығы 2015 жылы 124 ауылдық округті аралады
«Даму» қорының мобильді орталығы 2015 жылы 124 ауылдық округті аралады
Орталық қызметінің нәтижесінде алыс ауыл тұрғындары үшін де бизнесті қолдайтын мемлекеттік бағдарламалар жөнінде тегін кеңес алуға мүмкіндік туды. Аудан орталықтары мен ауылдарды аралау кезінде орталық кеңесшілері семинарлар мен жиналыстар ұйымдастырып, мыңдаған тұрғынның сұрақтарына жауап берді.
Жылжымалы консалтингтік орталық ауылда шағын және орта бизнестің және ауыл халқын жұмыспен қамту барысының дамуына өз үлесін қосып келеді. Халық тек бизнесті қолдайтын мемлекеттік бағдарламалар мен төмен пайызды несиелерге қол жеткізу тетігі туралы біліп қана қоймай, шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталған бірқатар конкурстық жобаға қатысуға өтініштер тапсыра алды.
Кәсіпкерлікті қолдайтын мобильді орталықтың кезекті сапарларына «Даму» қорының кеңесшілерімен бірге басқа да қаржылық мекемелер мен екінші деңгейлі банктердің, Аймақтық Кәсіпкерлік палатасы мен «Бастамаларды қолдау» ҚБ өкілдері де бірге барып, өз қызметтерімен таныстырып қайтты.
«Бастамаларды Қолдау» ҚБ өкілі Мәдина Төлепованың сөзінше, мобильді орталықпен бірлесе атқарған жұмыстың нәтижесінде жаңа «Шағын бизнес – үлкен мүмкіндіктер» атты жобасы сәтті жүзеге асуда, аталған жоба – ауылдық аймақта экологиялық және этникалық туризмнің, жасыл экономиканың дамуына бағытталған жаңа бағдарлама. Қызылорда облысының барлық аудандарында инклюзивті және инновациялық бизнес-жобаларын жүзеге асыру үшін ауыл кәсіпкерлеріне пайызсыз және кепіл мүліксіз бір жылға 1 500 000 теңгеге дейінгі несие бере алады.
Шиелілік Алмат Үрімбаевтың сөзінше, КҚМО кеңесшісі Қуатбай Матназаров мемлекеттік бағдарлама аясында пайызы субсидияланатын несиені алу механизмі жайлы толық мәлімет беріп қана қоймай, оның жобасын жүзеге асыруға көмектескен. Жас бастауыш кәсіпкер компьютерлік клуб ашуды жоспарлап отыр. Қажет қаражатты «Қазақстан Халық Банкі» АҚ несие рәсімдеп, несиені бөлшек кепілдендіру арқылы пайдаланғысы келеді.
-
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
«E-Salyq Business» мобильді қосымшасының мүмкіндіктері -
Жалпыға бірдей декларация: Бірінші кезең нәтижелері және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметі мен Жас мамандар пулы жобасы -
«Зерде» холдингі»: Цифрлық трансформация орталығы, штат санының қысқаруы және холдинг кірістері -
Әлеуметтік қызметтер порталын қолдау бойынша байланыс орталығы іске қосылды -
ІІМ: Балалар қауіпсіздігі, бейнебақылау жүйесі, жол ережесі және "Police 102" мобильді қосымшасы -
Абай жылының айшықты тұстары -
«Ashyq» мобильді қосымшасы: QR-код кімдерге беріледі, оны қайдан, қалай алуға болады -
2021 жылы жол-көлік оқиғаларының көбеюіне не себеп болды -
19 мыңнан аса елордалық вакцина алды