• Басты
  • Жаңалықтар
  • А.Исекешев: 2-3 жылдан кейін қазақстандықтар барлық қызметті ХҚКО-да алатын болады

А.Исекешев: 2-3 жылдан кейін қазақстандықтар барлық қызметті ХҚКО-да алатын болады

14 Қаңтар, 2016 13:49
2-3 жылдан кейін қазақстандықтар барлық қызметті ХҚКО-да алатын болады, деді Инвестициялар және даму министрі Ә.Исекешев астаналық ХҚКО-ларды аралаған барысында.

«Президент «Азаматтарға арналған Үкіметті» құруды жариялады. Қазіргі кезде оны құру бойынша жұмыстар жүріп жатыр»,-деп тоқталды ол.Сонымен қатар Ә. Исекешев бүгінде Халыққа қызмет көрсету орталықтарында көп қызметтерді алуға болатынын айта келе, «биыл бірнеше құрылымдарды біріктіреміз, осы орайда еліміздің азаматтарымыз Халыққа қызмет көрсету орталықтарында 530 қызметті алатын болады. Біз екі жылдың аясында, ары кетсе үш жылда барлық 700 мемлекеттік қызметті ХҚКО-ларда жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз»,-деді. 

«100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында ақпаратқа қолжетімділік бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Биыл 4 маңызды портал құралатын.

Атап өтсек, Қазақстанда инвесторларға қызмет көрсететiн 19 бөлiмше жұмыс iстейді. Астанада екеу, Алматыда үшеу және әр облыс орталығында бiр қызмет көрсету бөлiмшесi жұмыс істемек. Инвесторға «бiр терезе» қағидасы бойынша қызмет көрсету автоматтандырылады. Интернет жүйесiнде тiркелуге, ақпарат алуға және құжаттарды жеткiзудi онлайн режимде қарастыруға мүмкiндiк туады. Сонымен қатар, ҚР ИДМ Инвестициялар комитетiнде инвесторға ақпараттық және кеңестiк қолдау көрсететiн Call center орталығы қызмет етеді.

Барлық жаңалықтар