• Басты
  • Жаңалықтар
  • Бізге қуатты, шоғырландырылған, жұмыс істеуші Парламент Мәжілісі қажет - сарапшы (ВИДЕО)

Бізге қуатты, шоғырландырылған, жұмыс істеуші Парламент Мәжілісі қажет - сарапшы (ВИДЕО)

14 Қаңтар, 2016 13:34
Бізге қуатты, шоғырландырылған, жұмыс істеуші Парламент Мәжілісі қажет, деді «Халықтар бірлігі» қоғамдық қорының директоры Зиябек Қабылдинов журналистерге берген сұхбатында.

«Бізге қуатты, шоғырландырылған, жұмыс істеуші Парламент Мәжілісі қажет. Мәжілістің 5 шақырылымының  депуттары оларға жүктелген міндеттерді толық орындады. Олар 80 заң жобасын қабылдады. Заңдар Ұлт жоспарын жүзеге асыру үшін жаңа негіз құрап, күрделі әлеуметтік-экономикалық жағдайдан шығуға мүмкіндік береді. Мәжілістің жаңа құрамы мен мәслихаттардың жаңарған құрамы жаңа жағдайда еңбек етуі Қазақстанды қиын кезеңде гүлдендіруге әкеледі», - деді ол.

З.Қабылдиновтың айтуынша, Мәжілістің жаңа құрамы егер Елбасы депутаттардың ұсынысын қабылдаса, халық қолдауына ие болады.

«Мәжілістің жаңа құрамы жоғары білікті мамандардан құралуы тиіс. Олар Отанның гүлденуіне үлес қосатын өз елінің нағыз патриоты болулары керек», - деді ол.

 

Барлық жаңалықтар