• Басты
  • Жаңалықтар
  • А.Мырзахметов: ҚР Кәсіпкерлері мерзімінен бұрын болатын сайлауға қызығушылық танытуда

А.Мырзахметов: ҚР Кәсіпкерлері мерзімінен бұрын болатын сайлауға қызығушылық танытуда

14 Қаңтар, 2016 13:15
Қазақстанның ұлттық кәсіпкерлер палатасы мерзімінен бұрын болатын сайлауға қызығушылықтарын білдірді. Бұл өз кезегінде Ұлт жоспары- «100 нақты қадамның» тез арада іске асуына септігін тигізеді,деді ҰКП басқарма төрағасы Аблай Мырзахметов.

«Біз толығымен бұл бастаманы қолдаймыз. Сіздер білесіздер, өткен жылы Ұлт жоспары- «100 нақты қадам» үнделді.  «100 қадамды» іске асыру мақсатында 82 заң қабылданды. Айта кету керек, Ұлт жоспарында жарты ұадамның көбісі экономика, кәсіпкерлікке қатысты болып келеді.  Сол себепті біз, бұл істердің тез арада өз бастамасын алып, жұмысқа кіріскендеріне үлкен қызығулықпен қараймыз»,-деді А. Мырзахметов.

ҰКП басшысы мандатты табу халыққа жаңа сенімділік күшін беріп,Ұлт жоспарын жүзеге асыруға кірісетіндеріне сенімді.

«Елбасымен жаңа бағыт келісіліп, тиісіншеқаулыға қол қойылады деген сенімдеміз»,-деді  А. Мырзахметов.

Барлық жаңалықтар