• Басты
  • Жаңалықтар
  • А.Шәуеев: Мәжілісте мерзімінен бұрын сайлау өткізу Қазақстанның ұлттық жаңғырту жоспарын іске асыруға серпін береді (ВИДЕО)

А.Шәуеев: Мәжілісте мерзімінен бұрын сайлау өткізу Қазақстанның ұлттық жаңғырту жоспарын іске асыруға серпін береді (ВИДЕО)

14 Қаңтар, 2016 13:09
Мәжіліс пен барлық деңгейлі мәслихаттарда сайлау өткізу Қазақстанның ұлттық жаңғырту жоспарын іске асыруға серпін береді, деді Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры Азат Шәуеев.

«Үш партия депутаттарының Мәжіліс сайлауын мерзімінен бұрын өткізу бастамасына көзқарасым оң. Мен қатардағы азамат пен үкіметтік емес ұйым өкілі ретінде бұл шешімді қолдаймын, өзге азаматтар да қолдайтындығына сенемін. Себебі бірқатар негіз бен себеп бар. Біріншіден, осы жылы Тәуелсіздігімізге 25 жыл толып отыр. Елбасының саясатына сәйкес, экономикалық және өзге салада бірқатар жетістікке жеттік», - деді ол.

Спикердің айтуынша, бүгінгі таңда жас мемлекет үшін жауапты, тарихи және көшпелі кезең болып келеді, себебі бұл институционалдық реформаларды жүзеге асыруды бастайды.

«Мерзімінен бұрын сайлауды өткізу елдің ұлт жоспарын дамытуға серпін береді. Екіншіден, бюджеттік қаржыны үнемдейді, үшіншіден, Парламент  жұмысы тиімділігін өсіру болып табылады», - деді ол.

 

 

Барлық жаңалықтар