• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы өткізу пункті Шалдабарға көшірілді - ИДМ

Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы өткізу пункті Шалдабарға көшірілді - ИДМ

14 Қаңтар, 2016 12:57
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы өткізу пункті Шалдабарға көшірілді, деді Инвестициялар және даму министрі Ә.Исекешев.

 «Өткізу пункті шекарадан 20 шақырымдық жерде орналасқан. Қырғыз тарапы шекарадан 3 шақырымдық жерде орналасқан Шалдабар станциясына орынды көшіру хаттамасына  қол қойды», - деді Ә.Исекешев.

Қолданыстағы келісімдегі өткізу пункттері нақты шекарадан жиырма үш шақырым жерде орналасқан. Онда «Мерке теміржолдық» өткізу пункті орнатылған. Осыған байланысты оны «Шалдабар теміржолдық» өткізу пунктіне ауыстыру көзделеді.

Мемлекеттік шекараға өткізу пункттерінің тікелей жақын орналасуы шекарылық бақылауды жүзеге асырудағы мемлекеттік шекарадан өту сызбасын оңайлатып, қауіпсіздікті арттыруға ықпал етеді.

Атап айтсақ, Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы өткізу пункттері Мерке станциясынан Шалдабар станциясына көшірілетін болады.Парламент қабылдаған заң Мемлекет басшысының қол қоюына жолданады. 

Сәйкес «2003 жылғы 25 желтоқсанындағы Астана қаласында қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттері туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы  ратификациялау туралы» заңы Сенаттың мақұлдауына ие болды.

 

 

Барлық жаңалықтар