- Басты
- Жаңалықтар
- Құрлық әскерлерінің әскерлері 2016 жылғы алғашқы жауынгерлік оқ атуларға кірісті (ФОТО)
Құрлық әскерлерінің әскерлері 2016 жылғы алғашқы жауынгерлік оқ атуларға кірісті (ФОТО)
Өңірлік қолбасшылық әскерлерінің әскери қызметшілері Макаров тапаншасынан оқу атыстары мен бақылау атыстарын орындады. 41433 әскери бөлімінің жеке құрамы практикалық атыс даярлығы шеңберінде бақылау атыстарын, келісімшарт бойынша әскери қызметшілермен жасақталған бөлімшелер үшін атыстар, Макаров тапаншасынан оқу атыстарын орындады. Қысқы полигонның күндізгі жағдайларында өзінің атыс шеберлігін шыңдай отырып, әскери қызметшілер сондай-ақ түнгі оқ атуларды орындады.
Ол үшін бірнеше оқу нүктелері өрістетілді: норматив, ұрысқы дайындалу, командирлік қорап, оқ ату тапсырмаларын шешу, қол гранаталарын лақтыру. Бұл сабақтар «Батыс» ӨңҚ қолбасшысымен бекітілген ӨңҚ әскерлеріне арналған жауынгерлік даярлық бағдарламасына сәйкес өткізіледі. Жалпы алғанда, еліміздің Қарулы Күштері әскери қызметшілерінің жауынгерлік даярлығындағы негізгі күш-жігер әскерлердің жауынгерлік қабілеттілігін жоғары деңгейде ұстап тұруға, жауынгерлік даярлық сабақтарын ұйымдастыру мен өткізу сапасын арттыруға бағытталады.
Бұл ретте еліміздің қорғаныс ведомствосының басшысы белгілеген тапсырмаларға ерекше көңіл бөлінеді. Оның ішінде, жауынгерлік даярлықтың сапасын арттыру, әртүрлі жағдайларда әскери қызметшілерді жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізуге оқыту, жаяу жүріс марштарды жасау, стратегиялық, жедел-тактикалық және тактикалық оқу-жаттығуларға қатысу, оқу материалдық-техникалық базаны жетілдіру және далалық сабақтарды өткізу мен нұсқаушылар рөлінде тапсырмаларды орындауға сержанттар құрамын дайындау, сондай-ақ «АрМИ-2016» Армиялық халықаралық ойындарға ҚР ҚК командаларының дайындығы мен қатысуы.
-
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Pfizer: «Препараттың қауіпсіздігіне алаңдауға не күмәндануға негіз жоқ» -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
Дәстүрлі форматта оқу процесі қалай өтіп жатыр -
Тоқаев: ТМД-да COVID-19 вакциналау паспорттарын өзара мойындауды жеделдетуді ұсынамын -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті