• Басты
  • Жаңалықтар
  • М.Құсайынов: «МЖС» туралы заң – Қазақстанның жаңа өсім моделінің басты элементі

М.Құсайынов: «МЖС» туралы заң – Қазақстанның жаңа өсім моделінің басты элементі

14 Қаңтар, 2016 18:07
ҚР Ұлттық экономика министрлігі «Қазақстандық мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығы» АҚ-мен бірлесіп, ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі М.Құсайыновтың төрағалығымен Қызылорда облысының әкімдігінде «Мемлекеттік –жекешелік әріптестік туралы» ҚР Заңын түсіндіру бойынша өңірлік семинар өткізді.

«Семинарда мемлекттік-жекешелік әріптестік (МЖӘ) жұмыстарын одан әрі ұйымдастыру, МЖӘ-ні дамытудың жол картасын енгізу мәселелері, сондай-ақ «Мемлекеттік –жекешелік әріптестік туралы» ҚР Заңын түсіндіру, экономиканың барлық салаларында МЖӘ-нің жобаларын жоспарлау және іске асыру рәсімдері талқыланды», - деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Марат Құсайынов МЖӘ бүгінгі таңда Үкімет пен өңірлер және бизнес арасында өзара тиімді, ұзақ мерзімді ынтымақтастықты құру арқылы әлеуметтік маңызды жобаларды іске асырудың шынайы баламасы екендігін атап өтті.

«МЖӘ-нің дамуын одан әрі жылдамдату үшін ҚР Үкіметінің Дағдарысқа қарсы  жоспарының аясында Өңірлерді дамыту бағдарламаларына жылына кемінде 5 МЖӘ жобасын  іске асыру индикаторы қосылды» - деді бірінші вице-министр өз сөзінде.

«Мемлекеттік –жекешелік әріптестік туралы» ҚР Заңының мақсаты қоғамдық игіліктер мен көрсетілетін қызметтердің сапасының және қолжетімділік деңгейін арттыру үшін ресурстарды біріктіру арқылы Қазақстан Республикасы мен жеке сектор арасында ұзақ мерзімді ынтымақтастықты қалыптастыру және күшейту болып табылады.

МЖӘ туралы Заң жеке меншік объектілері бар кәсіпкерлерге (балабақшалар,  медициналық мекемелері және т.б.) МЖӘ жобаларына бастама жасауға және баламалы ұсыныстар болмаған жағдайда, конкурс өткізбей тікелей келіссөздер жүргізу негізінде шарт жасау мүмкіндіктерін береді.

МЖӘ туралы Заң ғимараттарға, құрылыстарға ақпараттық жүйелерге тауарларды және көрсетілетін қызметтер мен жұмыстарды дәстүрлі сатып алудан жеке секторға сервистік функцияларды беру арқылы сервистік моделге өтуге мүмкіндік береді. Мемлекттік қолдау көрсетудің негізгі шарасы ретінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді саптып алу ұзақ мерзімді кепілдемелер болады.

 

Барлық жаңалықтар