ҚХА Тәуелсіздіктің 25 жылдығында мыңнан астам шара өткізеді

14 Қаңтар, 2016 12:19
ҚХА Тәуелсіздіктің 25 жылдығында мыңнан астам шара өткізеді .Бұл жөнiнде ҚР Президентi жанындағы Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен баспасөз мәслихатында «Қоғамдық келiсiм» РММ директоры Наталья Калашникова мәлiмдедi.

«Мемлекет басшысының жақында жарық көрген мақаласын көптеген сарапшылар бес институционалдық реформаны ауқымды модернизациялаудың жол картасы ретiнде қарастырып отыр. Сондай-ақ, Президент ол мақалада қазақстандық арманға апарар жолдың негiзгi бағыттарын ғана емес, сондай-ақ, бес институционалдық реформаны жүзеге асырудың нақты механизмдерiн де атап көрсеттi», - дейдi РММ директоры.

Н.Калашникова өз сөзiнде жаңа жыл қарсаңында Мемлекет басшысы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыруға тiкелей байланысты екi аса маңызды өкiмге қол қойғанын айтты.

«Бұл ең алдымен, қазақстандық бiрегейлiк пен бiрлiктi нығайту мен дамыту тұжырымдамасы. Мұнда жалпыұлттық бiрлiк пен қоғамдық келiсiмдi нығайтудың заманауи жаңа мүмкiндiктерi мен механизмдерi көрсетiлген. Қазақстан халқы Ассамблеясын дамытудың 2025 жылға дейiнгi қабылданған жаңа тұжырымдамасына сәйкес, ҚХА қызметiнiң жаңа инститиуционалдық бағыттары белгiленген және оны дамытудың негiзгi бағыттары құрылған. Ол ең алдымен, ҚХА-ның жобаларын одан әрi тиiмдi жалғастыруды көздейді. Соның iшiнде, тiл саясатындағы жұмыстар және балалар мен жастарға қазақ тiлiн үйретудi қарастыратын «Мың бала» жобасы жалғасын таппақ. Сонымен қатар, қоғамдық келiсiм мен қоғамдық бақылау, медиация аясында жұмыстар атқарылады. ҚХА жылы, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары жүзеге асырыла бастаған 2015 жыл қазақстандық бiрегейлiк пен бiрлiктi нығайтуға ықпал еткен жыл болды», - дедi ол.

Барлық жаңалықтар