• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ә. Исекешев ХҚКО-дағы инвесторларға қызмет көрсету бөлiмшелерiнiң жұмысымен танысты

Ә. Исекешев ХҚКО-дағы инвесторларға қызмет көрсету бөлiмшелерiнiң жұмысымен танысты

14 Қаңтар, 2016 12:14
Бүгiн Инвестициялар және даму министрi Әсет Исекешев Астанадағы ХКҚО - ның бiрiнде инвесторларға қызмет көрсету бөлiмшелерiнiң жұмысымен танысты.

Ендi инвесторларға мемлекеттiк қызмет алу үшiн әртүрлi ұйымдарға барудың қажетi жоқ. Осы уақыттан бастап оларға барлық қажеттi қызметтер ХҚКО-дағы инвесторларға қызмет көрсету бөлiмшелерiнде «бiр терезе» қағидасы бойынша көрсетiлетiн болады. Бұл құжаттарды рәсiмдеу уақытын бiршама қысқартуға мүмкiндiк бередi.

«Қазiргi жылдам өзгеретiн сыртқы факторларға орай инвесторлар мен шағын бизнес үшiн бюрократияны азайту реформаларын жылдам жүзеге асыру маңызды. Сондықтан, Президент тапсырмасымен бiз өткен жылы инвесторлар мен министрлiктер, сапалы жобалар үшiн «бiр терезе» жобасын тексерiп көрдiк. Бiз барлық мемлекеттiк органдармен бүкiл нормативтiк-құқықтық базаны қарастырып шықтық. 1 қаңтардан бастап бiздiң министрлiк барлық инвесторларға, яғни шетелдiк, қазақстандық, iрi және шағын инвесторларға «бiр терезе» қызметiн ұсынады. Ендi кез келген инвестор мемлекеттiк органдарға бармай-ақ, ХКҚО-дан 350 мемлекеттiк қызметтi ала алады. Олар - жұмыс күшiне рұқсат алу, барлық лицензиялар, рұқсат қағаздар, жер мәселесi мен басқалар. Осылар бойынша бұрын инвесторлар ондаған министрлiк, ведомство мен әкiмдiктiң табалдырығын тоздыратын», - дедi Әсет Исекешев.

Атап өтсек, Қазақстанда инвесторларға қызмет көрсететiн 19 бөлiмше жұмыс iстейтiн болады. Астанада екеу, Алматыда үшеу және әр облыс орталығында бiр қызмет көрсету бөлiмшесiнен жұмыс жасамақ. Инвесторға «бiр терезе» қағидасы бойынша қызмет көрсету автоматтандырылады. Интернет жүйесiнде тiркелуге, ақпарат алуға және құжаттарды жеткiзудi онлайн режимде қарастыруға мүмкiндiк туады. Сонымен қатар, ҚР ИДМ Инвестициялар комитетiнде инвесторға ақпараттық және кеңестiк қолдау көрсететiн Call center орталығы қызмет етуде. 

 

 

 

Барлық жаңалықтар