• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР тарихшылары қазақстандық даму жолы мен мемлекеттілікті дамыту мәселелерін талқылады

ҚР тарихшылары қазақстандық даму жолы мен мемлекеттілікті дамыту мәселелерін талқылады

14 Қаңтар, 2016 12:03
ҚР БҒМ мемлекет тарихы институты, ҚР Ұлттық мұрағаты мен жас тарихшылардың респубьликалық қауымдастығы «Қазақстандық жолдың қалыптасуы мен мемлекеттіліктің құрылуы: қорытынды, жетістік, болашақ» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Шарада Елбасының «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға апаратын жол» мақаласы талқыланды.

Конференцияның ұйымдастырушылары айтқандай, шараны өткізудің мақсаты қазақстандық жолдың  тәжірибесін ғылыми жариялау мен Елбасы Н.Назарбаевтың қазақстандықтардың тарихи қалыптасуындағы рөлін талқылау.

«Бүгінде Қазақстан – тұрақты мемлекет, себебі ол тарихын тереңге тартқан. Өткен жылы біз Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өттік. Бұл әрбір азамат үшін өте маңызды. Мемлекеттілік тарихы тереңге тамыр жайғаны белгілі», - деді Парламент Мәжілісінің депутаты Камал Бурханов.

Конференцияда сондай-ақ, ҚР Президентінің қазақстандық мемлекеттіліктің қалыптасуындағы рөлі, Ұлт көшбасшысы мен Қазақстанның саясаты, Н.Назарбаевтың еуразияландыру саяси философия, қазақстандық даму жолының негізі.

Шараға қоғам қайраткерлері, ҚХА мүшелері, тарихышлар, саясаттанушылар, әлеуметтанушылар қатысты.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар