• Басты
  • Жаңалықтар
  • Сенат Қазақстанның ХҚҚД Банкінен 88 миллион доллар көлемінде қарыз алуын мақұлдады

Сенат Қазақстанның ХҚҚД Банкінен 88 миллион доллар көлемінде қарыз алуын мақұлдады

14 Қаңтар, 2016 11:54
Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Өнімді инновацияларды ынталандыру жобасы) ратификациялау туралы» ҚР Заңы қабылданды.

Аталмыш жобаны жүзеге асыру мемлекет тарапынан инновациялық жобаларды жүзеге асыруға қолдау алуға мүмкіндік береді. Жобаның мақсаты ел үшін маңызды жоғары сапалы зерттеу мен технологияларды коммерцияландыруды қолдау. Жобаны жүзеге асыру 5 институционалдық реформаны жүзеге асыру бойынша «100 нақты қадамда» кездесетін міндеттерге жауап береді. Атап айтсақ, 64-ші қадамын қамтиды.

Жоба аясында 5 кешен жүзеге асырылады.

 «Жобаның бірінші бағытында инновациялар үшін ғылым базасын дамыту қарастырылады. Оның ішінде ғылыми топтарға арналған грант қамтылады. Ғылым, өндіріс және мемлекет мүмкіндіктерін біріктіретін арнайы консорциумдар құрылатын болады. Өнімді инновацияларды ынталандыру жобасы бірнеше құрамдастардан тұрады. Оның ішінде бірінші құрамдас аясында 30 млн. доллар бөлінеді, бұл инновациялық-енгізілетін жобаларды қаржыландыруға бағытталады. Бұл үшін жүзге тарта жобалар іріктеліп алынады. Қаржыландыру сомасы 4 мың доллардан басталады болады. Ондағы мақсат - ғылыми жобаларды тәжірибелік, пилоттық, өнеркәсіптік өндірістік деңгейге шығару. Жобалар ЖОО-лар, зерттеу институттары мен инновациялық компаниялар арасында ашық конкурстар негізінде іріктеледі», - деді министр Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов.

Жалпы алғанда Келісімге сәйкес, Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі Қазақстанға Өнімді инновацияларды ынталандыру жобасын қаржыландыруға 88 миллион АҚШ доллары сомасында қарыз береді. Аталған қарыздың өтеу мерзімі бес жылдық жеңілдік кезеңді қоса алғанда 15 жылды құрайды.

Оның айтуынша, тәуелсіз іріктеу мен одан кейінгі мониторингті қамтамасыз ету мақсатында ғылым мен коммерциялау жөніндегі халықаралық кеңес құрылады, оның құрамына бес шетелдік ғалымдар мен жергілікті өкілдер кіреді.

Ал техникалық сараптамалар жүргізу жұмыстары Мемлекеттік ғылыми-сараптамалық орталық базасында жүзеге асырылады.

Төленуге тиісті біржолғы комиссия қарыз сомасының  0,25 пайызына тең. Тұтастай алғанда, жобаны іске асыру ғылыми өндірістік байланысты ынталандырып, технологиялық инкубациялық циклін дамыту арқылы инновацияларды дамытуға жол ашады. Өнімділікті арттыруға және экономиканың бәсекеге қабілетті болуына ықпал етеді.

Жобаны 2020 жылдың 31 желтоқсанында аяқтау жоспарлануда. 

Анар Тәңірқұлова

Барлық жаңалықтар