• Басты
  • Жаңалықтар
  • 2014 жылдың басында «Хабар» агенттігінің базасында жаңа телеканал ашылады – М.Құл-Мұхаммед.

2014 жылдың басында «Хабар» агенттігінің базасында жаңа телеканал ашылады – М.Құл-Мұхаммед.

11 Қараша, 2013 12:02
ҚР-да 2014 жылдың басында «Хабар» агенттігінің базасында жаңа телеканал ашылады, деп мәлімдеді ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Құл-Мұхамбет ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз отырысында.

«Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысының бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысына сын айтқаны белгілі. Елбасының таққан айыбы бір жағынан ескерту болса, екінші жағынан стратегиялық негізге де ие. Егер еліміз әлемнің дамыған 30 мемлекетінің  қатарына ену мақсатын қойып отырса, бұл міндет БАҚ-на да тиесілі екені белгілі. Осы орайда біз аталмыш мақсатқа жету үшін барлық шараны қарастырамыз», - деді министр Мұхтар Абрарұлы.

Құл-Мұхаммедтің мәлімдеуінше, «Білім» мен «Мәдениет» телеарналарын  біріктіру туралы шешім қабылданған.

«Рас, бұл арналардың рейтингтері аспандап тұрған жоқ. Сол үшін олардың мақсатты аудиториялдарын да ескеру керек. Мұндай арналардың рейтингтік көрсеткіштері өзге елдерде де жоғары емес. Мысалға, «Россия культура» арнасының рейтингі де төмен болып отыр. Оған себеп бұл арналардың бағыты болып отыр. Алайда мұндай жоғары мәні ағарту арналарына қажеттілік бар. Сол себепті біз аталмыш екі арнаны біріктіретін болып шешіп, көрермендердің көңілінен шыққан жобаларды сақтап қаламыз», - деді Мұхтар Құл-Мұхаммед.

Айта кету керек, жаңа телеарна келер жылдың басында ашылады. Арнаның «Хабар» агенттігінің  құрылымында қызмет ететіні белгілі. Арнаның тәуліктік көрсетілімі 18 сағатты құрамақ.

 

 

 

Барлық жаңалықтар