Қазалы ауданың кәсіпкерлері 2015 жылы 848,6 млн теңге несие алды

14 Қаңтар, 2016 20:27
Өткен жылы Қазалы ауданында 143 кәсіпкерге 848,6 млн. теңге көлемінде несие берілді, деп хабарлады облыс әкімдігі.

«Өндірістік аймақ» бойынша 11 жоба іске асырылды. Сауда-логистикалық орталығында 5 сауда орталығы мен көп салалы ауыл шаруашылығы өнімдері қоймасының құрылыстары басталды.

«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша 5 жоба субсидияланса, 1 жобаның иелеріне қайтарымсыз негізде мемлекеттік грант ұтып алды. «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы ЖШС-нен 70 млн. теңге құрайтын 10 жобаға оң қорытынды алынды», - делінген хабарламада.

Барлық жаңалықтар