• Басты
  • Жаңалықтар
  • Солтүстік Қазақстан облысында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу басталды

Солтүстік Қазақстан облысында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу басталды

14 Қаңтар, 2016 10:54
Петропавл қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтуіне орай мерекелік іс-шарада 2000-нан астам қатысушы қатысты, деп хабарлайды СҚО әкімдігі.

Өңір басшысы Ерік Сұлтанов өз сөзінде Тәуелсіздігімізді алу арқасында біздер болашағымыздың тарихын анықтадық, жұмыс барысында ол барлық  мемлекеттің ауқымды реформасын қамтамасыз етеді деп айтып өтті.

«Біздің мемлекетіміз Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қол астында бірталай белестерді бағындырды. Алда біздерді үлкен белестер күтуде, соның бірі-Қазақстанның 30 дамыған елдің қатарына кіруі. Қазақстанның болашағы – ол біздің қасиетті «Мәңгілік еліміз». Бүгінгі күні біздің облысымыздағы айтулы мереке-ол Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдық мерейтойына бастама бердік»,-деді әкім.

 «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдық мерейтойының ашылу салтанатын арнайы отшашу дыбыстарымен бастады. Аспанға 300-ден астам көк және сары шарлар ұшырылды. Мерекелік іс-шара жалғасын концерпен жалғастырды»,-деп хабарлайды.

Барлық жаңалықтар